2016 жылғы 25 қарашада колледжде  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы М.С. Маралова «Қазақстан мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өтті. Студенттер кластер құрастырды, «Инсерт» әдістемесі бойынша жұмыс істеді, «Қазақстан мұражайы» тақырыбында викторина өткізді. Бір есте қаларлығы, сабақ ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында өткізілді. Сабаққа оң баға берілді. Оқытушылар мен студенттердің барлығы да разы болды.