2016 жылы 10 желтоқсанда Павлодар жастар бастамашылығын дамыту орталығында «Менің жетістігім-елімнің жетістігі 2016»облыстық конкурсының жеңімпаздары үшін ток-шоу форматында құттықтау өтті.

     Конкурс жеңімпаздары өздерінің 25 жылдығына, сонымен бірге біздің жас Республикамыз қызметінің түрлі бағыттарында едәуір табыстарға жетті, мадақтаудың ерекше форматының арқасында өздерінің нағыз атақты болғандығын сезінді. Қатысушылар марапатталуы үшін сахнаға шығып қана қоймай, өз жетістіктері туралы әңгімелеу үшін іс-шараны жүргізушіге таман отырды.

    Көру залында бүгінгі «жұлдыздар» үшін олардың оқытушылары, ата-аналары мен достары уайымдады және мақтан етті. Бұған өзіндік себептері бар, балалар өздерінің жастық шақтарында болашақта өздерін кім ретінде көретінін нақты біледі және өз мақсаттарына жететіндеріне сенімділігі мол.

    Мәселен, Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің 2 курс студенті Алшимбаев Равиль электр газымен дәнекерлеуші мамандығында оқиды. Колледжді тәмамдаған соң Равиль инженер мамандығына жоғары оқу орнына түсіп, оны тәмамдап қоғамға пайда әкелуді жоспарлап отыр.

    «Менің жетістігім-елімнің жетістігі 2016» конкурсының барлық 25 жеңімпазы жан-жақты талантты, білімдерінің негіздерін түрлі қызмет салаларында көрсетіп жүр. Бүгін өздерінің марапаттарын  алған тұлғалар: жас мұғалімдер,спортсмендер, жас журналистер, бағдарламашылар, дәрігерлер, аспаздар, музыканттар, энергетиктер.

   Жастардың болашақ мамандығы жеткілікті күрделі болғанына қарамастан, өмірде әрине әзілге, биге орын бар. Сондықтан концерттік бағдарлама барысында өнер көрсеткендер: «Чехов аялдамасы» КТК командасы, ХІІ Ұлттық Дельфин ойындарының жеңімпаздары- «Джем» заманауи би студиясы.

   Марапаттау кезінде конкурс жеңімпаздары өз таланттарын көрсетті. Павлодар бизнес-колледжінің 3курс студенті Рахимжанов Ризат Қазақстан туралы өзінің бейнеролигін көрсетті, бұл фильм  шетелде де бірнеше марапатты жеңіп алды.

   Илимхан Акбал  – болашақ педагог, бос уақытында сурет салумен айналысады.Бәрінен де ол портрет салуды ұнатады. Рәсім кезінде ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа оның портретін сыйлады.

    Шақырылған қонақтар арасында Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Орсариев пен «Дарын» жастар сыйлықақысын алған облыстық маслихат депутаты Элина Паули болды. Қоғам қайраткері Паули балаларға зор табыстар тіледі және «Мен өз елім үшін не істедім?»деген сауалға жиі ойлануларын тіледі.

    Бүгін тек 25 жас талантты адамдармен ғана танысу өтті.Бұл күнге естелік ретінде балалар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды.

    Ток-шоу соңында барлық залдағы адамдар кең таралған «MannequinChallenge» онлайн-флешмобқа қатысып, барлығы бірге дәстүрлі суретке түсті.

    Ұйымдастырушылар балалар өз өмір жолдарын, мамандықтарын дұрыс таңдағандарына және өздерінің алға қойған мақсаттарына ешқандай кедергілер кедергі келтірмейтіндігіне сенеді.