2016 жылы 5-9 желтоқсан аралығында Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде «Кен орындарындағы пайдалы қазбаларды ашық қазу» мамандығы бойынша пәндік апталық өткізілді. Апталықты өткізу шеңберінде 2016 жылы 06 желтоқсанда «Экскаватор машинисі» мамандығы бойынша №1 топта біздің қаланың кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту туралы студенттердің шығармашылық есебі өтті. Бұл іс-шараның ашылуын ұйымдастырған №1-топтың өндірістік оқыту шебері Лоренц Елена Борисовна, өндірістік практиканың жалпы талдауын жасады, оңтайлы кезеңдерін, проблемаларын атап көрсетті. Содан соң практиканттардың өздеріне сөз берілді.Балалар презентация дайындады, презентация барысында өздерінің кәсіпорындарын, учаскелерін сонымен бірге өндірістік практикадан өту кезінде меңгеруді қажет ететін әртүрлі қызмет түрлерін көрсетті.Студенттер өндірістік практиканы «Богатырь Көмір» және «Шығыс» кеніштерінің бөлімшелері мен учаскелерінде өтті, балаларға олардың тәлімгерлері көп жақсы сөздер айтты,бұл балалардың есеп беруге дайындықтарына септігін тигізді.

Есеп беру кезінде тау-кен техникасының жұмысы туралы бірнеше бейнефильмдер көрсетілді.Көрсетілім кезінде тау-кен ісінің арнайы пән оқытушысы В.И.Варнавский студенттердің негізгі техникалық сауатты жауап берулеріне тиіс каверзтік сауалдар қойды. Көрермендер ретінде іс-шараға ЕТТК инженерлік-педагогикалық ұжымының мүшелері, топтың ата-аналар комитетінің төрағасы Бекаева Татьяна Геннадьевна қатысты.

Қорытынды сөзімен студенттер алдында сөз сөйлегендер: басшының өндірістік-оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Аубакирова Сауле Сембаевна және техникалық пәндердің әдістемелік бірлестігінің төрағасы Сарсенбаева Дамели Нурбековна өз бағасын берді, алған әсерлерімен бөлісті.

Балаларға ақ жол, кәсіби өсуді,олардың жолында өздерінің білімдерімен және  кәсіби дағдыларымен бөлісуге дайын нағыз өз ісінің кәсіби шеберлері кездескенін тілеймін.

Өйткені белгілі ғой: «Практикасыз теория -жоқ, теориясыз практика -жоқ».

Мұнымен келіспеу қиын.