Қосым Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен –техникалық колледжінде азаматтық патриотизмді тәрбиелеу және қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шараларды өткізуде жоспар құрылды. Колледж кітапханашысы Г.Д Байгуринова « Елін сүйген Елбасы» атты Н.А.Назарбаевтың басылымдарынан кітап көрмесін ұйымдастырды. 24 қарашада « Бір Отан! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» атты сынып сағаттары өткізілді. 3 -9 желтоқсан аралығында 1-3 курс студенттерінде спорттық жарыстар өткізілсе, ұстаздар арасында волейбол мен баскетбол жарыстары ұйымдастырылды. Қоғамдық пәндер оқытушысы Т.А Булькендикова 1 курс студенттеріне «Тұңғыш Президент» кабинетіне саяхат жасады. 6 желтоқсан күні оқытушы Р.С Тапалова «Менің Қазақстаным –Тәуелсіз» атты интеллектуалды ойын өткізді. « Тәуелсіз Қазақстандағы қалыптасу : қандай болуы керек?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, колледж еңбек ардагерлері, жас ұстаздар және студенттер шақырылды. Қорытынды іс –шара ретінде мерекелік салтанатты кеш өткізіліп, ең белсенді студенттерді алғыс хатымен марапаттап, ақшалай сый ақы табысталды.