Желтоқсан айында колледжде 1, 2 курс студенттері үшін физика, химия пәндер апталығы өтті. Бір апта бойы, күнделікті өтетін «Күн сұрағы» сайысында , студенттерге Шерлок Холмс пен Ватсоннан  химия мен физикадан қызықты да әзіл сұрақтар қойылып отырылды.

М.В. Ломоносовтың 305 жылдығына арналған викторинада №14 топ, «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығының студенттері бірінші орынға ие болды.

        Мемлекеттік тілде оқитын топтар арасында өткен «Эрудиттер турнирі» интеллектуалды ойынында №16 топ, «Токарь» мамандығының студеттері жеңімпаз атанды.

       Ал, 1-курс студенттері көңілді тапқырлар клубында үш командаға  «Фиксики», «Веселые молекулы» және  «Протон» бөлініп кездесті. Олар  әр түрлі тәжірибелер жасауда, ребустарды шешуде, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетуде бір-бірімен бәсекеге түсіп, командада жұмыс істей алатындарын көрсетті. Бұл оында «Протон» командасы жеңіп шықты.

       2-курс студенттері арасында өткен «Ядерная энергетика: за и против» дебатында шешендік өнер көрсеткен №9 топ студенті Файзуллин  Елеман мен № 10 топ студенті  Крупенин Денис ерекше көзге түсті.

Аптаның  «Кадрда – Физика» фотосайысында  №14 топ студенті Рошан Илья өзінің ерекше фотосуреттерімен  жеңімпаз атағына ие болды.