2016 ж. 27 желтоқсанда Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде ИПҰ үшін жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жөнінде кезекті “Сен өмір сүрсең, барлығын түзетуге болады!” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың мақсаты: суицидтің алдын алудың әдістері туралы жасөспірімдердің өзіне қол салушылық мінез-құлқының белгілерін анықтау және семинарға қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Семинар позитивті, жағымды көңіл-күйден басталды. Барлық қатысушылар жұмыс алдында өздерінің көңіл-күй түстерін атады. Содан кейін қатысушыларды адамдардың 15 жастан 44 жасқа дейінгі кезеңіңде жиі өздеріне қол салатындары жайында және егер жылына миллион адамға дейін өздеріне қол салатын болса, онда оның ішіндегі сегіз мың адамы-қазақстандықтар екені айтылған статистикамен танысты.
Егер бүкіл әлемде әрбір 40 секунд сайын бір өзін-өзі өлтіру болса, онда Қазақстанда әрбір сағатта біреулер еркін түрде өмірмен қош айтысады.
Егер ер адам өзін-өзі өлтіруге бел байласа, онда ол бастаған ісін соңына дейін жеткізеді. Әйелдер көбінесе өздерін өлтіруге тырыспайды, тек бопсалау немесе өзіне назарын аударту үшін суицидттік әрекеттер жасайды.
Сондықтан, статистика бойынша ер адам өзіне бір рет қол жұмсаған жағдайда әйелдер өзін-өзі өлтіруге бес рет әрекет жасайды.
Өзін-өзі өлтірудің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Алайда қазір Қазақстанда адамдар саяси және экономикалық мотивтер бойынша өздеріне қол салатындары амалдарынан белгілі.
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарының сарапшылары өзіне қол жұмсаудың қауіпті деңгейі 100 мың халықтың ішінен 20 адамнан аса құрайтын көрсеткіштер. Қазақстанда бұл статистика бойынша соңғы он жылда өзін-өзі өлтіру саны 100 мың халық ішінен 52-53 адамды құрайды.
Тізімде психологиялық күйзеліске ұшыраған аймақтар Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтау, Солтүстік Қазақстан, сонымен бірге Қарағанды қаласында адамдар көбінесе өздеріне қол жұмсайды.
Психолог Т.Мұхамеджанова жасөспірімнің өзіне қол жұмсауына акцент жасады: 15-19 жас кезі аралығындағы қыздар арасында жасөспірімдер өзін-өзі өлтіруге жиі себеп болатын (эмоционалдық, дене, жыныстық қатынас,зорлау), ата-аналар тарапынан түсініспеушілік болмағандықтан–мұның бәрін қыздар өз бетінше жеңе алмайды.
Ертеде Қазақстанның бас прокуратурасында 2015 жылдың басынан бастап Қазақстанда 86 жасөспірім өздеріне қол жұмсағандары туралы хабарлаған. Сондай жағдайлар көбінесе Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай,Алматы,Ақмола,Жамбыл,Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде 1, 2 және 3 курс студенттерінің арасында суицидттік алдын алу мақсатында психолог жыл сайын “Күйзеліс шкаласы” Т.Балашованың әдістемесі бойынша күйзеліс деңгейін анықтауға диагностика өткізеді. 2016-2017 оқу жылында диагностикаға колледждің 291 студенті қатысты. Төмендегідей нәтижелерді көрсетті:
Диагностиканың нәтижесі болйынша топтарда жеңіл, орташа күйзеліске орын бар.
Диагностикадан өткен 26 студент күйзелістің орташа деңгейде, 191 студент жеңіл деңгейде,күйзелісі жоқ- 74. Студенттердің субдепрессивтік жағдайы байқалмайды. Бірақ бұған қарамастан топ кураторларына келесі ұсыныстар жасалады: күйзеліс жағдайында болуы мүмкін студенттерді бақылау, күйзеліс жағдайындағы жасөспірімге белсенді эмоционалдық қолдау көрсету: жағдайды жеңілдету үшін оның жағымды жақтарын мадақтау.
Бұдан әрі семинарға қатысушылар жасөспірімді өзін-өзі өлтіруге жеткізетін себептерді анықтауға қажетті, өзіне қол салу жағдайындағы түрлі жағдаяттарды талдап, талқылады.
Келесі тапсырмада қатысушылар шағын топтардағы мифтер мен деректерді анықтады.
Семинар “6 шляпа”, “Тұйық шеңбер”, “Көршіңді мақта” тренингтерімен жалғастырылды.
Тренингтен кейін қатысушылар өздерінің көңіл-күй түстерімен бөлісті, оның неге өзгергенін және семинардың ұраны болған “ Мүмкін, сен өзіңді бұл өмірде жалғызбын-деп сезінетін шығарсың, бірақ біреу үшін сен бүкіл әлемсің!” деген қорытындыға келгенін айтты. Содан соң әрбір үстелден 2 қатысушыдан шығып музыканың сүйемелдеуімен бір жағында өмір туралы жағымды сөздер, келесі жағында үлкен әріптермен жазылған, боялған парақшалардан “ Біз өмірді сүйеміз!” ұраны құрастырылды.
Мұндай семинарды өткізу өте қажет. Суицидттік әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдермен әрдайым жұмыс істеу, оларды айқындауға тырысу қажет, жағдаятты дұрыс бағалай білу керек және оларды өз уақытында елеп, жасөспірімді қолдап және ата-аналармен тығыз қарым қатынаста болуы керек. Семинар жақсы деңгейде аяқталды.
Жаңа жылдың қарсаңында әрбір қатысушы бір-бірінен тілектер жазылған, безендірілген қар бүршіктерін алды.
Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК психологы Т.Мухамеджанова