Мақсаты: 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті жолдауын ұжымда талқылау.

Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын талқылау өтті. Колледж басшысы  Алиакпарова Сауле Уалиевна   Жолдаудың және билік тармақтарының құзырын үлестіру жөніндегі реформаларының маңыздылығын ерекше атап өтті. Біздің мемлекеттің жаңа даму кезеңіне бастау болатын тарихи құжаттың негізгі қағидаттарына тоқталды. «Жолдаудың барлық бес басымдығы бизнес саласын қамтиды және оның негізгі мәселелеріне жауап береді. Қазір әрбір азамат Қазақстанның әлемнің 30 озық мемлекетінің қатарына қосылуына өз үлестерін қосулары тиіс. Бұл үшін бізде жоғары әлеует бар», – деп атап өтті .

Жиналыста қосымша баяндамалармен сөз сойлегендер: Аубакирова С.С ТӨ басшысының орынбасары , Еламанова Ж.Ж  өндірістік оқыту шебері, тарих ұстаздары  Тапалова Р.С, Булькендикова Т.А , медициналық қызметкер Кожахметова Г.Т, кәсіподақ ұйымының мүшесі Абикеева Ж.А  .

Қорыта келгенде жиналыс қатысушыларының ойлары бір жерден шығып, біздің мемлекеттің тұрақтылығы – экономикалық даму мен мақсат-міндеттерге қол жеткізудің ең басты кепілі екендігін ерекшелеп өтті.