24 ақпан күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледждінде  «Салауатты  аймақ- қауіпсіз» жобасының  шеңберінде   «Жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты:

  1. Ішімдіктің  қолданудың  зияны туралы білім қалыптастыру;
  2. Салауатты өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру;
  3. Жастардың өз  санасын жетілдіруді  дамыту.

Іс-шара  қалалық  Жастар бастамаларын  дамыту орталығымен бірлесіп  ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге ГЮП-тің  аға  инспекторы, полиция майоры Калыкова Д. К.,Екібастұз  наркодиспансер психологы Аскарова Ж.Ж., және  «Алтернатив» ОФ жаттықтырушысы Хилько И.В., және ЕПК студенттері шақырылды. Дөңгелек үстел барысында психолог Аскарова Ж.Ж студенттерге  нашақорлық пен ішімдіктің зияны туралы айтып, «Ішімдіктің адам ағзасына зияны» тақырыбында бейнеролик ұсынды. «Алтернатив» ОФ жаттықтырушысы- Хилько И. В. Маскүнемдік пен нашақорлық – ХХІ ғасырдағы айықпас дерттердің біріне айналуда.  Маскүнемдік пен есірткіге әуестенудің соңы ешуақытта жақсылыққа апарған емес-деп ойымен бөлісті. ГЮП-тің  аға  инспекторы, полиция майоры Калыкова  Д. К –қалалық ішімдікті жиі қолданушылардың статистикасымен таныстырып өтті. Біздің колледж студенті Горбань Эдуард – «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында мазмұнды  презентация көрсетіп,жастарды болашақтағы өмір жолдарына дұрыс қадам басуларына  бағыт берді. Дөңгелек үстел соңында маскүнемдіктің алдын-алу туралы, сұрақтар қойып, бір-бірлерімен пікір алмасты.