2017 жылы 17 наурызда Павлодар қаласында «Экскаватор машинисі» мамандығы бойынша №8-топ студенті «Самоходный кабельный передвижчик» жобасымен «IT-технология саласындағы идеялар» конкурсына қатысты, жобаның жетекшісі информатика және ақпараттық технологиялар оқытушысы Г.Ж.Садыкова.
Бірнеше іріктеу кезеңдерінен өте отырып,еліміздің денсаулық сақтау, білім беру және техникалық прогресінің дамуына бағытталған өздерінің инновациялық жұмыстарын көрсетті.
Бұл конкурстың ұйымдастырушысы болып табылатын жастар бастамасын дамыту орталығында жас әзірлеушілер көрме қонақтарына өздерінің жаңалықтары мен жобалары туралы әңгімеледі.
Кейбір әзірлемелер – бұл жай ғана идеялар емес, бұл іске асыру жүйесіндегі жобалар. Біздің колледждің студенті Овчаренко Антон қашықтықта тұрып басқаруға болатын «Самоходный кабельный передвижчик» жасады.
Жас әзірлеушілердің сөз сөйлеулерін денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мұрағаттар мен құжаттамалар мәдениеті басқармасы, кәсіпкерлердің аймақтық палатасы, «Даму» кәсіпкерлігін дамыту қоры, «Инвестицияларға қатыстыру бойынша агенттігі» ЖШС өкілдері,Павлодар қаласының ЖОО қызметкерлері,сонымен бірге Павлодар облысының әкімі Николай Дычко бақыланған әрбір жұмыс бойынша кейін өздерінің пікірлерін айту үшін бақылап, мұқият тыңдап,қатысушылардың сөз сөйлеулеріндегі негізгі тезистерді жазып алды. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар диплом мен марапатталды және «Болашақ энергиясы» Экспо-2017 халықаралық көрмесіне билет берілді.
Құттықтаймыз!!! Жарайсыңдар!