« Пайдалы қазбалрдың кен орындарын ашық түрде өңдеу» мамандығының №13 тобы өндірістік оқыту сабағында слесарлық жұмыстарын аяқтады. Пісіру және ұсталық- пресс жұмыстарын бастады. Пісіру және ұсталық- пресс жұмыстары сабағында төмендегі дағдылар мен құзыреттерін қалыптастырады:
Қалайылаудағы, бөлшектерді өңдеу процесінің технологиялық карталарын қарастырудағы, пісіру аппаратының берілген тоқ күшін реттеудегі.
Әрбір студент өз пісіру орнын тексеріп, сол жерде жұмысын бастайды. Өндірістік оқыту шебері мен шебер-нұсқаушымен бірге жұмысын жалғастырады.
Қауіпсіздік ережелері мен сақтандыру шараларын сақтай отыра жұмысын жалғастырады.