2017 жылдың сәуір аралығында Қ.Пішенбаев атындағы «Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде» математика, информатика және сызу пәндер апталығы өтті. Жоспар бойынша апта бойы, келесі іс-шаралар өткізілді:
«Ұлы данышпандар»; рефераттар сайысы
Математика, информатика және сызу пәндері бойынша макеттер мен модельдер жасау сайысы;
«Менің досым компьютер», «Компьютерлік вирус» атты өлең-синквейн сайысы:
Математикалық КВН
Информатикадан «Үздік зерттеуші» атты интеллектуалды ойын
Сызу пәнінен «Эрудит» атты интеллектуалды ойын.
Информатика пән оқытушысы Садыкова Г.Ж., І –курс студенттері арасында «Үздік зерттеуші» атты интеллектуалды ойын-сайысын өткізді. Тапсырмалар өте қызықты болып, ойын көңілді өтті. Ойын жеңімпазы №13 топ студенті Игнатов Кирилл, екінші орында №15 топ студенті Веселова Елена, үшінші орында №14 топ студенті Есманов Елеман. Қатысушы студенттердің бәрі тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Сызу және экономика пән оқытушысы Вагнер И.К., №13 және №14 топ студенттерімен «Эрудит» атты интеллектуалды ойын-сайыс өткізді. Ойын бес сайыстан құралды. Ойын жеңімпазы №13 топ командасының студенттері. Ең белсенді қатысушы №14 топ студенті Жұманов Азат грамотамен мадақталды. Қатысушы студенттердің бәрі тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Математика пәні оқытушысы Абикеева Ж.А., ІІ курс студенттерін төрт командаға бөліп, математикалық КВН сайысын өткізді. КТК –да жеті сайыс өткізілді. Гран при №10 топ, қалған үш орынды: бірінші орынды №9 топ командасы, екінші орынды №8 топ командасы, ал үшінші орынды №11 топ командасы ұтып алды. Ойын қызықты да, көңілді өтті. Қатысушылар мадақтама, алғыс қағаздары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
«Ұлы данышпандар» рефераттар сайысы бойынша ПМЭ-14 топ студенті Абаков Арғын жеңімпаз атанды.
«Макеттер мен модельдер » сайысы бойынша ЭГС-12 топ студенті Алшинбаев Равиль жеңіп шықты.
Апталық барысында студенттер, оқулықта жоқ жаңа мағлұматтармен танысты. Интеллектуалды сайыстар студенттердің пәнге қызығушылықтарын, логикалық ойлау , тапқырлық қабілеттерін дамыту үшін өткізілді. Пән апталықтарын ұйымдастыру студенттер үшін маңызы зор.