2017 жылғы 13-14 сәуір күні ҚР КҒА Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп «Білім мен ғылым интеграциясы- болашаққа нық қадам» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференция халықаралық мәртебеге ие болғандықтан, Ресей Федерациясынан, Қазақстан Республикасының ЖОО, колледждердің қабілетті және талантты студент жастары арасында ұйымдастырылды, қатысушылардың саны жеткілікті болды.

Конференция жұмысына біздің колледждің студенттері де Овчаренко Антон өзінің ғылыми жұмысымен «Самоходный кабельный передвижчик» алдынғы қатардан көрінді (жетекші Г.Ж. Садыкова). Жунусов Дамир   «Электростанциядағы экологиялық жағдай»тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі (жетекші С.М.Кабышева ).

Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Овчаренко Антон 1-дәрежелі дипломмен , Жунусов Дамир 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.