26.04.2017 жылы Павлодар қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Жемқорлыққа жол жоқ!»атты үздік плакаттар конкурсы өтті. Берілген конкурстың мақсаты- жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Конкурс екі кезеңде өтті: колледжішілік және облыстық деңгейде. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана базасында плакаттарды қорғау кезеңі өтті. Біздің колледждің атынан 2-курс студенті Ходжаев Райымжан қатысты. Ол өзінің жұмысың лайықты қорғады және 3-ші деңгейлі дипломмен марапатталды. Конкурста 38 шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Райымжан, жарайсың! Алдағы уақытта саған шығармашылық табыс тілейміз!