2017 жылғы  22 қыркүйек пен 22 желтоқсан аралығында жалпы орта және қосымша, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ білім алушылары арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шебердің қолтаңбасы» республикалық қашықтық интернет-байқауы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: шығармашыл балалар, жастар мен педагогикалық қызметкерлерді анықтау және қолдау, оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесін жоғарылату.

Конкурстың нәтижесі бойынша информатика пәнінің оқытушысы Садыкова Гульжан Жакишевна «Менің жазбаша шығармашылығым» номинациясында ІІ орынды иеленді.

 

Құттықтаймыз!!!