2018 жылғы 2-4 ақпанда «Референт-хатшы» мамандығы бойынша № 21 топ студенті Шелудько Евгения С. Торайғыров атындағы ПМУ-да STARTUP BOLASHAK “Менің Арманым” конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты жаппай кәсіпкерлікті және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту Бағдарламасына халықтың қамтылуын кеңейту, сонымен бірге Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік білім беруді дамыту жөнінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа 16-35 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Барлығы 434 жоба қаралды. Ширек сынға 34 бизнес-жоба өтті. Шелудько Евгения өндірістік оқыту шебері А. Ж. Исинаның басшылығымен “Біздің өнім” бизнес-жобасымен сөз сөйледі және ширек сынына өтті.
Байқау барысында бизнес-тренингтер, бизнес-модел Канвас бойынша жұмыс, питч-презентация ұйымдастырылған. Үздік жобаларды банк саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен бизнес-тренерлер ретінде сарапшылар мен менторлар бағалады.