2018 жылғы ақпанның 01-нен 02-не дейін «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да «Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы» Республикалық декадасы өткізілді.
Декаданың ашылуы алдында колледждің фойесі ресімделіп шарлар ілінді, ал баспалдақ жиектерінде достық, қайырымдылық және мейірімділік туралы жазылған мақал-мәтелдер жазбаларын көруге болады.
2018 жылғы 01 ақпанда декаданың салтанатты ашылуы болды, мұнда колледж студенттері «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы әңгімеледі, ал өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Т.М. Мухамеджанова іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
2018 жылғы 02-12 ақпан аралығында декада кезінде кітапханашы Ж.О.Оразбаева колледжде Сара Алпысовнаның шығармашылық қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сынып жетекшілері мен топ шеберлері «Барлығы махаббаттан басталады» қайырымдылық акциясын өткізді және студенттер өздеріне бекітілген еңбек ардагерлеріне барып көмек көрсетті. Ал аз қамтамасыз етілген балаларға қажетті киімдерін алып беруді ұйымдастырды.
2018 жылғы 08 ақпанда «Сүйіспеншілікке толы жүрегім» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
1 және 3 курс студенттері ана, мейірімділік, достық, қайырымдылық туралы өлеңдерін оқып белсенділік танытты.
2018 жылғы 09 ақпанда колледждің барлық топтарында «Мейірімділік – асыл қасиет»,
«Өнеге – отбасынан», «Доброта – это солнце, которое согревает душу человека», «Вечные ценности» тақырыптарында Бірыңғай өзін-өзі тану сабағы өткізілді.
Декаданың жабылуында ерекше көзге түскен студенттер грамоталармен марапатталды, ал белсенді қатысқан топтарға түсіністік пен қайырымдылық танытқандары үшін алғыс айтылды.
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Т.Мухамеджанова