«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да

2018 жылғы 05 мамырдан 05 маусымға дейінгі аралықта  «Мен өмірді        таңдаймын» облыстық акциясын өткізу шеңберінде балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды.

 2018 жылғы 10 мамырда психолог Т.Мухамеджанова өндірістік кеңесте        жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемаларын қысқаша айтып  өтіп, «Мен өмірді таңдаймын» облыстық акциясын өткізу бойынша іс-шаралар  жоспарымен таныстырды.

 2018 жылғы 14 мамырдан 18 мамырға дейінгі аралықта топ кураторлары       студенттер мен олардың ата-аналарымен алдын алу жөнінде әңгімелесу өткізу мақсатында «Тәуекел тобында» есепте тұрған жасөспірімдердің пәтерлеріне барып  қайтты.

 2018 жылғы 24 мамырда әрбір топта топ кураторларымен «Өмір тамаша!», «Сен бұл өмірде жалғыз емессің», «Менің таңдауым-жақсы өмір сүру», «Өмір деген  ТАМАША!» және т.б.

 Өткізілген сынып сағаттарында №24-топтың жасөспірімдері «Өмір деген-ата- анамен бірге болу!», «Өмір деген-бақыт!», «Өмір деген-қызық!», «Мен-бақыттымын!» және т.б. атауларымен суреттерін салып   шығармашылықтарын   көрсеткендерін атап өтуге болады.

 №13-топтың студенттері бір жағында материалдық құндылықтар, ал екінші  жағында рухани құндылықтар болған өлшеуіш құралын пайдаланып талқылады.   Сынып сағатының соңында топ шебері С.М.Зейнулина ұжымда ұйымшылдықтың   болуы мақсатында тренинг өткізді.

 2018 жылғы 30 мамырда  басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары мен психолог  Т.Мухамеджанованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел түрінде ата-аналар үшін «Қазіргі балаларды тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында  құқықтық жалпы оқыту өткізілді. Мұнда қорқынышқа емес, барлығына еліктеудің арқасында қол жеткізуге болатынын ұғындыруға қазіргі жасөспірімдерді  тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Егер жасөспірім айналасындағы адамдардың өзіне деген құрметін көрсе, ол да құрметтеуге үйренеді.

 Сонымен бірге, қорқынышқа негізделген тәрбиенің ескі әдістері қазіргі     балалардың өзін-өзі бұзуына бейім болуларына себеп болады. Зорлық көргендері үшін балалар  кек қайтаруға тырысады, олар айналасындағылардың барлығын тежейді, бұғаттайды –бұл құлдар мен сотталғандардың реакциясы. Балалар үлкендердің мықты, тәжірибелі, шыдамды, кез-келген уақытта көмек көрсетуге дайын екендіктерін сезінулері керек. Осыған байланысты тәрбиенің жаңа құралдарын: қарым-қатынас, қызығушылық пен бақылауды пайдалану қажет.

Соңында психолог ата-аналарға өз балаларымен жұмыс жүргізу жөнінде       ұсынымдар берді.

2018 жылғы 31 мамырда  жасөспірімдер арасындағы суицидтік айқындалудың  алдын алу бойынша ИПҰ-ға арналған сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігімен семинар-тренинг өткізілді. Онла топтардағы жасөспірімдер   арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Талқылаудың соңында психолог суицидке бейім жасөспірімдермен жұмыс      жүргізу бойынша ұсынымдар берді.   Семинар тренингпен аяқталды.

 

Колледж психологы  Т.Мухамеджанова