Елбасының «Болашаққа бағдар: руһани жаңғыру» мақаласына байланысты Қ.Пшенбаев атындағы тау кен-техникалық колледжінде салтанатты түрде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.
Ашылуына колледж зейнеткерлері Абикеева Ж.А. және Сарсенбаева Д.Н.қатысты .
Абикеева Ж.А. «Біздің басты күшіміз – бірлікте» – демекші, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру басты жалпыға ортақ мақсат екенің айтты. Алдымызға қойған межеге жетуіміз үшін баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз сөзсіз.