2018 жылғы «05» қыркүйек күні колледждің дәлізінде Қазақстан халқы тілдері айлығының ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында колледж студенттері дайындаған Тіл және Отан тақырыбында үш тілде өлеңдер оқып, айлық бойы өтетін іс-шараларға қатысуға шақырды.
Әр үзіліс кезінде колледж дәлізінде интербелсенді тақтаны қолданып, тіл тақырыбында үш тілде әртүрлі викториналық сұрақтар, жұмбақтар беріліп шешімін тапқан студенттерге шағын сыйлықтар таратылды.
Тілдер айлығы жоспары бойынша жұмыстар атқарылып, жалғастырылуда.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!