Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні кітапханада І курстың №30, 32 топтары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Менің Сарыарқам» атты интелектуалды танымдық ойын өтті.
Ойынның мақсаты:
– жас ұрпақтың патриоТтық сезімдерін қалыптастыру және Отанға деген мақтаныш сезімдерін ояту;
– студенттердің білімді жан-жанты, зерттеу қабілеттерін және оқу-танымдық дәрежелерін арттыру;
– интелектуалды танымдық қабілеттерінің қалыптасуына жол ашу;
– топтар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
– білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шара әр топтың өзін-өзі таныстыруынан басталды, келген қонақтар мен жанкүйерлері, сонымен қоса, әділқазы мүшелері таныстырылды.
Аталған іс-шара «21ғасыр көшбасшысы» форматында өте қызықты өтті.
Екі құрам да өз топтарын жақсы дәрежеде көрсете білді және қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға ұтымды жауап бере білді.
Ойынның қорытындысы: I орын «Отаным», II орын «Туған өлкем» командасына берілді.