2019 ж. қаңтардың 11-і күні «Кәсіби оқытудағы құзыреттілік тәсілдемені іске асыру» тақырыбында инженерлік-педагогикалық ұжым арасында практикалық семинар өткізілді. Семинар модераторлары колледж әдіскері Р.А.Жұмабекова.,оқытушылар Садыкова Г.Ж.,
С.Т. Махметова.
Семинардың мақсаты- модульдік-құзыреттілік тәсілді есепке ала отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту жағдайларында ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің кәсіптік білімі мен құзыреттілігін жетілдіру.
Міндеттері:
1.Білім берудегі дәстүрлі және құзыреттілік тәсілді салыстыру
- «Құзіреттілік» , «Құзыреттілік тәсіл» ұғымына анықтама беру
- Модульдік бағдарламаның практикалық әзірлемесі
- Педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ету.
Семинар барысында «Құзыреттілік тәсіл негізіндегі модульдік оқыту», Модульдік оқытудың маңызы мен принциптері,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар,модульдерді толтыру жұмыстары берілді. Арнайы технология пәнінің оқытушылары мен ө/о шеберлері бланк толтырды:кәсіби құзыреттіліктің тізімдері мен мамандық бойынша модульдер, ТжКБ –дамуы мен тежегіш факторлары,оның шешу жолдары қарастырылды. Үй тапсырмасы ретінде модульдік-құзыреттілік тәсіл бойынша күнделікті сабақ жоспарын құрастыру берілді. Барлық ө/о шеберлері мен оқытушылар семинарға белсенді, қызығушылықпен қатысты. .Семинар мақсаты орындалып, модераторлар кері байланыс кезеңіндегі жауаптарға өз ризашылықтарын білдіріп, әр топқа шағын сыйлықтар таратты.