Бағалау процесін қайта қараудың өзектілігі білім берудің заманауи стратегиялық міндеттерімен, халықаралық стандарттар мен білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, білім деңгейін арттыру қажеттілігімен, еліміздегі колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі мен білім беру нәтижелерін обьективті қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың оқу жетістігін бағалау мен бірыңғай талаптарды белгілеуді әзірлеу қажеттілігімен анықталады. Екібастұз қаласы тау-кен техникалық колледжінде 2019 жылы 9 қаңтарда оқытушы Салтанат Оразхановна Кокаева басшының орынбасары Сауле Сембаевна Аубакировамен бірлесе отырып, оқытушыларға арналған «Заманауи білім беру мазмұны жағдайында студенттердің оқу жетістіктерін критериалды бағалау» атты тақырыбында оқыту семинарының бағдарламасы іске қосылды.
Семинар барысында қазіргі білім беру үрдісінде өзін-өзі бағалауды дамыту тәсілі ретінде бағалау орны ашылды, өйткені өз жұмысына өз көзқарасын басқа көзқараспен салыстыруға мүмкіндік береді.