Күні кешегі Кеңес дәуірінің кереғар саясатының салдарынан тарих бетінде қалдырған Ауған соғысының аяқталғанына орай 15 ақпанда Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі студенттері арасында «Ауған соғысы ардагерлері – жоғары рухтың айқын көрінісі» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның қонағы ретінде Ауған соғысының ардагерлері Кабдыкаир Кашимбаевич пен Сергей Николаевич шақырылды.
Дөңгелек үстелді Ауған соғысының ардагерлері 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан әскерінен шығарылған күніне тоқтала отырып, осы соғыста және соғыс зардабынан бейбіт өмірде дүниеден озған жауынгерлер рухына тағзым етіп ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шарада ардагерлерге сөз беріліп, бастарынан өткен сол кездердегі қиыншылықтары жайлы ер азаматтарға үлгі көрсетерліктей тәжірибелерімен бөлісті. Тарихтан сыр шерткен ауған соғысының батырлары жайлы айтып өтті. Бұл шара жастарға патриоттық тәрбие беруде қолға алынғанын баса атап өтті. Кездесу барысында соғысқа қатысқан ардагерлерге қатысушы топтар арасынан сұрақ қойылып, жауаптар мен қатар ақыл-кеңестер берді. Шара соңында бөлім ардагерлеріне сыйлық табысталып, жиналғандар естелік суретке түсті.