2019 жылы  9-10 сәуір күні Ақсу қара металлургия колледжінде «ЧПУ станоктарында токарлық жұмыстар», «Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Павлодар 2019 аймақтық чемпионаты өтті. Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі студенттері аталған конкурсқа оқу жылы басталғаннан қарқынды дайындалу үстінде. Шебер-нұсқаушылар мен студенттердің салған күш-жігерлері сәтті аяқталуда. «ЧПУ станоктарында токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша №33 тобының студенті Зейбель Эдуард ІІ орынды иеленді. Әрине, бұған шебер-нұсқаушы А.В.Валярдың еңбегі орасан зор.

 

«Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша конкурс бірінші рет өтті. Екі конкурстық күн ішінде қатысушылар сызба бойынша құрал-саймандар үстелін жасау керек болды. Бірақ №27 тобының студенттері В.Левченко мен А.Козин конкурстың ең жас қатысушылары бола тұра тапсырманы белгіленген уақытта орындап шықты. Соңында студенттер мен шебер-нұсқаушы Е.Т.Касымов сертификат алды. (фото)

16-17 сәуірде «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша конкурс өтеді. Оған колледж атынан  №15 тобының студенті Өмірзақ Арсен және шебер-нұсқаушы Б.К.Ергалиев қатысады.

       Сәттілік тілейміз!