2019 жылы сәуірдің 1-і мен 6-ы аралығында колледжде математика, физика, химия, информатика пәндерінің апталығы өтті. Оған 1-2 курс студенттері қатысты. Студенттер қызықты презентациялар мен шығармашылық жұмыстар дайындап, әр түрлі жарыстар мен викториналарға қатысты. Осының барлығы өзіне қажетті жаңа дүниелер табуға, сонымен қатар пәндерді тереңірек біле түсулеріне мүмкіндік ашты. Жоспарға сәйкес жүргізілген пән апталығының өз бағыттары болды.

         Пән апталығының мақсаты- студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын ояту, олардың оң эмоцияларын туғызу, өз бетінше қорытынды жасау, білім алушылардың қосымша біліммен ой-өрістерін дамыту.

         Дүйсенбі. Апталықтың ашылуы. «Ұлы ашылулар күні».

         Студенттер шығармашылық жұмыстар дайындады-олар  химия туралы ертегілер, Скрыгаловский Дима «Математика пен физиканы не үшін білу керек» атты бөлшектердің тарихы туралы баяндама оқыды.Баяндама презентация арқылы жүргізілді.

Кабашева Зарина слайд арқылы телефонның қалай жасалғаны туралы көрсетті.

         Сейсенбі. «Компьютерлік техника әлемі»

         Мұнда студенттер «Компьютерді құрастыру және бөлшектеу» информатика пәні бойынша өз білімдерін көрсетті. Өздерін белсенді көрсеткен 1 курс студенттері: Темиршотов Нурхан, Набиев Рустам. Балалардың қуанышпен, зейінмен компьютерді бөлшектеп қайта құрастырғанын көру, заман талабының өрлеуі, сонымен қатар информатика пәні қажетті пәндердің бірі болып саналады.

         Сәрсенбі. «Виват-математика»

         Бұл күні 1 курс студенттері арасында «Виват-математика» зияткерлік ойыны өтті. Балалар жақсы дайындалған, белсене қатысып, өздерінің дербестігі мен тапқырлықтарын көрсете білді. Ең тапқыр студенттер  №27 тобының студенті Козин Анатолий, №31 тобының студенті Проскурин Андрейді атап өтуге болады.

         Бейсенбі: «Химиялық калейдоскоп»

         Іс-шара барысында қатысушылардың келесі қызықты тәжірибелерін байқадық: «иіс сезу»  конкурсы, мақал-мәтелдер, «көзбен өлшеу». Студенттер химия пәні  көптеген жұмбақ құбылыстарды дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді деген қорытындыға келді. Ерекше белсенділік көрсеткен студенттер Култайов Махсад, Левченко Владислав, Скалозубов Владимир.

        

         Жұма: «Ғылыми жаңалықтар күні»

         Шығармашылық жұмыстар: презентациялар, бейнероликтер. Мұнда 1 курс студенттері өздерінің аз да болса ғылыми еңбектерін қорғады. Олимпиада барысында  кімнің химиядан, физикадан, информатикадан мықты екендерін көрсете білді.

Апталықтың қорытындысы бойынша, әсіресе белсенділік танытқан студенттер грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды. Барлық іс-шара кезінде қатысушылар белсенді қатысқандарын атап өткім келеді.

Қатысушылар пәндердің бір-бірімен тығыз байланыста және әрқайсысының болашағына қажетті екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.