2019 жылы 15 сәуір күні «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде» айтулы күн болды. «Проммашкомплект» ЖШС әлеуметтік серіктестіктен ЧПУ СК-6136 токарлық станогы сыйлығының презентациясы өтті. «Проммашкомплект» ЖШС –мен ынтымақтастық 2013 жылы токарлар мен фрезерлеуші мамандарын даярлау үшін дуалдық оқыту элементтерін енгізу бойынша келісім шарт жасасуымен басталды. Осы уақыт ішінде бірнеше токарлар мен фрезерлеуші топтары кәсіптік практикадан өтті және бүгінгі күнде 80-ге жуық түлек аталған кәсіпорында жұмыс істеуде.
Салтанатты түрде табыстауда «Проммашкомплект» ЖШС-нің бас директоры Ахонько Сергей Николаевич және жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы Смирнов Алексей Вячеславович қатысты.
2013 жылдан бастап колледж «Проммашкомплект» ЖШС-мен өндірістік оқыту мен практиканың оқу жұмыс жоспарын әзірлеуде кәсіпорын жұмыскерлері белсенді қатысу, студенттердің аралық және қорытынды аттестациясын өткізу кезінде мамандарды даярлау сапасын бақылауды ұйымдастыруда, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларына тәжірибеден өту шеңберінде «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша дуалдық оқыту жүйесінде кадрларды даярлау бойынша тығыз ынтымақтастықта. Сонымен қатар, колледж студенттері алған білімдерін «Проммашкомплект» ЖШС базасында өндірістік практикада жетілдіреді. Алған кәсіби дағдыларының арқасында студенттер WorldSkills Pavlodar аймақтық чемпионатында екінші жыл жүлделі орын алуда.
Колледж басшысы С.Кабышева компания өкілдеріне алғыс хат табыс етті.
Іс-шара кезінде «Проммашкомплект» ЖШС бас директоры С.Н.Ахонько сөз сөйлеп, станоктың төлқұжатын табыстады.
Лентаны кескеннен кейін станок іске қосылып, алғашқы жоңқаны алу құқығы №20 тобының студенті Дюсенбаев Дауренге беріліп, Жастар жылы мен кен білгірі Қ.Пішенбаевтың 175 жылдығына арнайы тарту еткен ең таңдаулы-заманауи станок үшін компанияға студенттердің атынан алғыс білдірді.