2019 жылдың 17 сәуірі күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің өкілдерімен және жеке құрамының әлеуметтік саясат жөніндегі директоры А.К.Макенов мырзамен, сонымен қатар, жастар бірлестігі компаниясының басшысы А.Нургалиевпен колледж басшылығының кездесуі өтті.
Сұхбаттасу барысында мынадай мәселелерге тоқталды: кадрларды сапалы даярлау, кәсіби практикаларды ұйымдастыру және өткізу, дуалдық оқытуды жалғастыру, ИПҰ тәжірибесі, колледж студенттеріне компанияның атаулы шәкіртақысын тағайындау практикасы мен шефтік жұмыстарды жаңарту мәселелері талқыланды. Кәсіпорын өкілдері кабинеттер мен шеберханаларды аралап, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсетуде уәде берді.
Келешекте барлық осы мәселелер мен оларды жүзеге асыратын механизмдері көрсетілген ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.