Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ұлтаралық келісім мен рухани жақындастықты, өзара түсіністікті нығайту мақсатында, «Халық бірлігі күні» мерекесі қарсаңында славян орталығының өкілі А.И.Аксенованың студенттермен кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттер этно-мәдени орталықтардың шығу тарихымен, жастардың осы орталықтарда қандай іс-шаралармен айналысатынын, болашақтағы жоспарлары мен елімізге қандай үлес тигізіп жатқаны жөнінде танысты.
Колледжде көптеген ұлт өкілдері білім алғандықтан, қаланың басқа ұлттық орталықтарымен, яғи атап өтетін болсақ, «Возрождение» неміс орталығы, «Шатлык» башқұрт-татар орталығы, «Атамұра» ұлттық орталықтарымен, Достық үйімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау қалыптасқан.