2019 жылы сәуірдің 25-і күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледж басшылығының «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС өкілдері А.Нурахметовамен және жеке құрамды іріктеу жөніндегі үйлестіруші Г.А.Утегеновамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып және де компания өкілдеріне «Стажер-2019» бағдарламасын таныстыру болып табылды. Таныстыру барысында «Стажер-2019» бағдарламасының презентациясы ұсынылды. Бағдарламаның мақсаты аталған кәсіпорынға кадрларды даярлауға бағытталды. Бағдарлама 2 ай оқытуды және бір күнтізбелік жыл ішінде вахталық режимде тәжірибеден өтуді көздейді.
Студенттер тәжірибеден өту барысында жалақы ала отырып, сыйақылық жүйені қоса алғанда кәсіпорын қызметкерлері пайдаланатын жеңілдіктерге ие болады. Студенттерге тәжірибелі тәлімгерлер жетекшілік етеді. Аталған бағдарламаның қатысушысы болу үшін логикалық қабілеттерін анықтауда тест тапсырмаларын орындап, әңгімелесуден өтеді.
Студенттер кездесу барысында ойларындағы барлық сұрақтарына жауаптарын ала алды.
Кездесу соңында колледж басшысы С.Кабышева жастарға көңіл бөліп, аталған шәкіртақыға қаражат бөлінгені және де тау-кен ісі бойынша арнайы әдебиеттер мен құралдарды алуға септігін тигізгені үшін компания өкілдеріне алғыс хат табыс етті.