Колледжімізде адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру,
адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету және адал, шыншыл болуға тәрбиелеу мақсатында адалдық сабақтары өтті.
Сабақ барысында ары таза адал адам мәнді өмір сүреді және Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні туралы айтылды.
Студенттер адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды және адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтқысыз сену екенің тұжырымдады.