2020 жылы 29 қазан күні «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК 1 және 2 курс студенттері арасында СӨС орталығы өкілдерімен онлайн режимде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында салауатты өмір салты, оның ішінде жеке, психикалық денсаулық, күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сонымен қатар алкогольды сусындар мен электронды шылым шегудің зиян екендігі айтылды.
ЖРВИ және КВИ-ның (COVID-19) алдын алу шаралары түсіндірілді.
Қорытындылай келе, салауатты өмір салтын дұрыс ұстану керектігіне көз жеткізді.