2020 жылы 27 қазанда онлайн-форматта «ТжКБ жүйесінде әдіскерлер мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» атты тақырыбында Павлодар облысы колледждерінің әдіскерлеріне семинар өткізілді. Семинар-модераторы-Павлодар облысы колледждерінің облыстық әдіскерлер әдістемелік бірлестігінің төрағасы.
Семинардың мақсаты әдістемелік процесс кезінде әдіскерлер мен педагогтар арасында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
Семинардың міндеттері:
1) ТжКБ үлгілік және әдістемелік қызметтің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуді өзектендіру;
2) әдіскердің миссиясы, рөлі, әдістемелік қызмет жүйесі, функционалдық міндеттері туралы түсініктерін кеңейту;
3) педагогтар мен әдіскерлердің педагогикалық қызметті тиімді әдістемелік қамтамасыз ету бойынша практикалық білім мен дағдыларды дамытуға және жетілдіруге ықпал ету.
Семинар барысында нормативтік құқықтық актілермен таныстырылды, түрлі формалар, әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, әдістемелік жұмыс мәселелері туралы айтылды.
Қатысушылар өткізілген семинарды жоғары бағалады.