04.02.2021 ж. Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінде студенттерімен колледж инспекторы, майор Калымова Д.К. кездесті. Инспектор «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» атты тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді
Кездесу барысында инспектор студенттерді мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді.
Сұхбаттың соңында студенттер өз сауалдарына жауаптар алды.