2021 жылғы ақпан айының 8-і күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіне бас директор Д.С.Жүнісов бастаған «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС делегациясы келді. Кездесу барысында кәсіпорынның колледжбен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Компания жұмысының қайта жандануына және ашық вагондарды шығару бойынша үлкен мемлекеттік тапсырысты алуға байланысты кәсіпорынға электр газымен дәнекерлеушілер, токарлар, электромонтерлар, ЧПУ операторлары қажет. Қонақтар компания және қызметкерлердің жұмыс шарттары туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің кәсіптік практикасы бойынша келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданды, онда ақы төлеу және оларды компанияда одан әрі жұмысқа орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ, болашақта дуалдық оқыту бойынша келісім-шарт жасасуды қарастыру көзделді. Сонымен қатар, компанияға жұмысқа орналасу үшін әскерден оралған колледж түлектері жіберілді.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова