Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес № 12 «Үздік педагог» атағын беру ережесін бекіту туралы. 2021 жылы 17 мамырда Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжде «Үздік педагог» облыстық байқауының 1 кезеңі өтті. Сайыстың мақсаты: Педагогтарды ынталандыру, өз кәсібіне деген сүйіспеншілікке баулу және талантты педагогтарды анықтау.
Байқаудың колледжішілік кезеңіне 4 педагог қатысты, оның ішінде 2 өндірістік оқыту шебері: Жабикенова Балжан Дүйсенбайқызы. Абетова Гүлсім Павловна, 2 арнайы пән оқытушылары: Кокаева Салтанат Оразханқызы, Иманқұлова Жамила Байтұрсынқызы. Байқау 2 кезеңнен тұрды: «Педагог-мәртебелі мамандық» эссе жазу, «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеклипін құру. Колледжішілік байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды өндірістік оқыту шебері Абетова Гүлсім Павловна иеленді, ол облыстық «Үздік педагог-2021» байқауының 2-ші кезеңінде білім ордасының атынан шығады.