2021 жылы 27 мамыр күні Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде колледж әкімшілігінің «Ангренсор Энерго» ЖШС Көмір компаниясының бас директоры Р. И. Ибрагимовпен және директордың орынбасары А.В. Богдановичпен кездесуі өтті.
Басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С. Аубакирова қонақтарға бүгінгі колледждің, яғни қандай мамандықтар бойынша дайындық жүргізілуде, материалдық-техникалық базаның жағдайы, алдағы уақытта колледж студенттерінің колледжді аяқтауы және оларды жұмысқа орналасуы туралы айтты. Бас директор Р. И.Ибрагимов компанияның даму перспективаларымен таныстырып, білікті кадрларды даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын базасында студенттердің практикасын ұйымдастыру, оқу процесіне тәжірибелі мамандарды тарту, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Кездесу соңында колледж талқылау үшін «Ангренсор Энерго» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын ұсынды.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова