Маусым айының басында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі қала кәсіпорындарының өкілдерімен кездесуі өтті. Осыған байланысты колледж студенттерінің кәсіптік практикасынан өту және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін өндірістік базалардың тізбесі кеңейтіледі және де ынтымақтастық одан әрі нығая түсуде.
Кездесу барысында «QAZPromindustry» ЖШС басшысы А.А.Лыба кәсіпорынның презентациясын ұсына отырып, студенттерді практикадан өтуге шақырып, сонымен қатар «Токарлық іс және металл өңдеу», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының түлектеріне қызығулығы бар екенін атап көрсетті.
«ПроммашKZ» ЖШС өкілдері бас инженер Р.А.Апкаев және цех бастығы Ю. А. Кобеляцкий өндірістң ұлғаюы туралы және осыған байланысты жұмысшы кадрларға қажеттіліктің артуы туралы айтып берді. Олар электрмонтерлер, фрезерлеушілер, токарьлар, дәнекерлеушілер ретінде жұмысқа іріктеу мақсатында колледж түлектерінің қорытынды аттестаттауына қатысуға ниеттерін білдірді.
Кездесу нәтижесінде колледж танысу үшін ұсынған «QAZPromindustry» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын қарау туралы шешім қабылданды. Ал «ПроммашKZ» ЖШС-мен барлық мәселелер 2021 жылғы 8 маусымда «Railways Systems KZ» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өтетін дөңгелек үстелде талқыланатын болады.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова