Кәсіптік бағдар беру және облыс колледждерінің беделін арттыру мақсатында 2021 жылғы 17-25 мамыр аралығында Павлодар облысының білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының еліміздің басқа өңірлерінен оқуға келген студенттері арасында «Менің таңдауым – Павлодар» атты облыстық қашықтықтан эссе байқауын өткізді.
Аталған байқауға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарынан, тіпті басқа мемлекет-Өзбекстаннан келген студенттер де болды.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді: колледжішілік және облыстық. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша колледждің «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығының студенті Амандыков Асылжан қатысты. Өз отбасының тарихы, отанына оралуы туралы ойлар, Павлодар туралы алғашқы әсерлер, студент екінші жыл оқып жатқан колледж туралы- осының барлығы өзінің жазған эссесінде көрініс тапты.
Байқаудың екінші кезеңіне облыстың түрлі колледждерінен 16 студент қатысты. Студенттің жұмысы екінші орынға ие болды. Асылжан дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Студентті дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т. Махметоваға, сонымен қатар байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.