Іс-шара мақсаты: Отансүйгіштікке және өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, студенттерді ҚР Мемлекеттік рәміздерінің ұлттық стандарттарымен және олардың құрылу тарихымен таныстыру.
2021 жылы 4 маусым күні колледж кітапханасында №42 топ студенттерімен патриоттық сағат өткізілді. Топ кураторы А.Ж.Исина.
Кітапханашы О.В. Кожемяк баршаңызды ресми мерекемен Қазақстан Республикасының рәміздер күнімен құттықтап, «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ең қастерлі рәміздері» презентациясын ұсынды.
Презентация келесі бөлімдерден тұрды: «ҚР туы мен Елтаңбасының мемлекеттік стандарттары», «Қазақстанның қазіргі заманғы әнұранның құрылу тарихы», «Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді орналастыру ережелері», «Мемлекеттік мекемелерде салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелері», «Мемлекеттік рәміздер бойынша заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары».
Студенттер кітапханашының рәміздер туралы, Тудың, Елтаңбаның авторы кім? Мемлекеттік Ту, Әнұран эталонында неше элемент бар?, «ҚР Елтаңбасының элементтері нені білдіреді?», «ҚР Мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін қандай жаза қолданылады?» және басқа да мәселелер туралы тыңдады. Студенттер «Суретте не жоқ?» логикалық ойынына белсенді қатысты. Іс-шара барысында студенттер өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңында кітапханашы оқушыларды өз Отанының патриоты болуға, ҚР заңдарын сақтауға, Қазақстан рәміздерін құрметтеуге шақырды және белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.