2021 жылғы 8 маусымда «Railways Systems KZ» ЖШС-де компанияның құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің және Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуді компанияның бас директоры А.В.Хачатурян ашты. Өзінің сөзінде компания туралы, жаңа технологиялар және қатты және сұйық металлургия бойынша жаңа кластерді дамыту перспективалары туралы айтып, компанияның жас білікті кадрларға қызығушылығын атап өтті. Колледж басшысы Т.К. Акатаев жаңа оқу жылынан бастап ТжКБ жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы: колледждерге академиялық еркіндік беру, дуальды оқыту жүйесіндегі өзгерістер туралы–тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу және өндірістік оқыту мен дуальды оқыту практикасынан өту уақытын еңбек өтіліне есептеу туралы айтып, компанияға жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, «Колледждің сенімді серіктесі» сертификатын табыс етті. Басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С.Аубакирова ынтымақтастық туралы меморандум жасасу, студенттермен дуальды оқытуды жалғастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін қозғады, практика мен іс-тәжірибе базасын кеңейту туралы, компания мамандарының білікті бітіруші комиссиялардың жұмысына және WorldSkills Pavlodar кәсіби конкурсына сарапшы ретінде белсенді қатысуы туралы атап өтті, оқытушы Д.Н. Сәрсенбаева компания маманы Е.Т.Амреновпен бірлесіп жазған кітапты сыйға тартты. Колледжді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуге және ЧПУ бар станокты токарлық цехқа сатып алуға көмектескені үшін компанияға алғысын білдірді. Сондай-ақ, «Проммашкомплект» ЖШС-мен бірлесіп колледжде кәсіптік бағдар беру кабинетін ашу жобасын қарауды сұрады. Лукашин Тимур колледж студенттері атынан компанияның бас директорына қолдан жасалған ««ПМК» ЖШС эмблемасын» сыйға тартты.
Кездесу соңында колледж қызметкерлері үшін компанияның құрылымдық бөлімшелері бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова