КМҚК Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2021 жылғы 5-30 қыркүйек аралығында тілдер айлығы өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.
Бұл іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш айлық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің-30 жылдығына бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
5 қыркүйек күні қазақ тілі пәндерінің оқытушылары Жумабекова Р.А., Махметова С.Т. «А. Байтұрсыновтың туған күніне орай бүкілқазақстандық ашық диктант» алып, тілдер айлығын ашты. 22 қыркүйекте өндірістік оқыту шеберлері «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тәрбие сағаттарын өткізді. 24 қыркүйек күні кітапханашы Кожемяк О.В. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл» кітапханалық көрмесін ұйымдастырды. 27 қыркүйек, ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Канышева А.Б., Ишатов Д.М. «The Dawn of the Independence», яғни «Тәуелсіздік таңы» атты «Spelling Bee» зияткерлік сайысымен жалғастырды. Ал, қыркүйектің 28 -і күні қазақ тілі пәнінің оқытушысы Нургалиева Н.Н. «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты презентациялар сайысын өткізді. Орыс тілі пәнінің отытушысы Масалимова С.Ш. «Независимый Казахстан глазами молодежи» атты ақпараттық виктаринасымен қыркүйектің 29-шы жұлдызында тілдер айлығын тамамдады.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!