2021 жылғы 15 қазанда Екібастұз қаласында, Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі базасында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» стратегиясына арналған қалалық «Дебат турнирі» өтті. Дебат турнирінің ұйымдастырушылары «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі болды. Аталған Турнир Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында өткізілді , сондай-ақ аталған турнир студент жастардың зияткерлік бос уақытын ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге және жастар арасында “дебаттар” білім беру технологиясын дамытуға бағытталған.
Турнирге 5 колледж, 40-тан астам студент қатысты, екі команда лигасы құрылды.
Әр команда визит карточкасын ұсынды, бір пікірсайыс раундында екі команда берілген тақырып бойынша «қарсы» немесе «қарсы емес» позицияларын қорғады. Пікірсайыс барысын, Қағидалардың, тәртіптің, пікірсайыс форматының сақталуын модератор-Малдыбаева Жулдыз Егеубаевна бақылайды.
Турнир қорытындысы бойынша: бірінші орынға Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің командасы ие болды. Екінші орын ЕПК, үшінші орын ЕКИТИ командасы иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарға табыстылды. Жарайсыздар!!!