9.12.2021 жылы Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде психолог Т. Мұхамеджанова 1 және 2 курс жасөспірімдер арасында “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты: жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараның басында психолог “Ерте жүктілік” ұғымымен таныстырды, неге ол ерте деп саналады және жасөспірім кезіндегі ерте жүктілік дұрыс емес жыныстық тәрбиенің салдары болып табылады деп түсіндірді.
Студенттер жасөспірімдер туралы бейнероликті талқылап, ерте жүктілік денсаулыққа қауіпті екенін түсінді. Психолог сонымен қатар студенттерді ерте жүктіліктің алдын-алу мәселелерімен таныстырды. Іс-шара барысында студенттер жағдайларды талдап, әр адамның таңдауы бар деген қорытындыға келді, алайда әркім өз денсаулығын қорғауы керек. Әңгіме соңында барлық студенттер ерте жүктілік туралы жадынамалар алды және психолог оларға кез келген мәселемен оған жүгіне алатындарын айтты.