2022 жылдың 28 қаңтарында «Техник-механик» мамандығы бойынша №30 топтың технологиялық тәжірибеден кезекті есеп беруі өтті.
Технологиялық тәжірибені топ келесі кәсіпорындарда өтті:
– ЖШС «Проммашкомплект»;
– АҚ «Станция Экибастузская ГРЭС-2»;
– ЖШС «Богатырь транс»;
– ЖШС «БВР-Сервис 2030»;
– ЖШС «ЭЗЭМ»;
– АҚ «Майкаинзолото»;
– ЖШС «EUREKA ENGINEERING»;
– ЖШС «Котлосервис-ЭК»;
– ЖШС «СВС Строй Сервис».
Технологиялық тәжірибені өтер алдында студенттер өндірістік орындағы жұмыс барысымен, жұмыс уақытының кестесімен, жұмыс орны мен өндірістің аумағындағы лауазымдық нұсқаулар мен техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Студенттер өздерінің атқарған жұмыстарын баяндап көрсетті, өздерінің біліктілігі бойынша өз жетекшілерінен не үйренгенін, әсіресе техник-механик мамандығы аса ұнады, сонымен қатар кейбірін оқу орнын тамамдаған соң жұмыс орнына орналасуға шақырды.
Тәжірибенің қорытындылары бойынша нәтисінде, №30 топ студенттері «Техник-механик» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер өздерін білікті маман екенін, өз білімдерін практикалық жұмыста көрсете біліп, берілген жұмысты мұқият орындап, тәжірибені босатпай барып жүрді. Тәжірибе барысында студенттер өздерінің теориялық білімдерін жоғарғы деңгейде көрсете білді және практикалық жұмыста сол білімдерін қорытындылай білді. Кәсіпорындарда белсенді жұмыс атқарды.