01.02.2022 ж. Қ.Пішенбаев атындаы тау-кен колледжінде ЦӘК “Кенші” апталық аясында “Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрде игеру және Электржабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)” мамандығы бойынша апталық өтті.
Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттер қойылды: а) студенттердің қоғамдық шығармашылық және кәсіби қызметін жандандыру б) сабақтан тыс іс-шаралардың ерекшеліктерін пайдалану в) “ғылыми-практикалық конференцияларды”ұйымдастыру. Мамандық апталығы аясында өткізілген іс-шаралар нәтижесінде студенттердің өз мамандығына деген үлкен қызығушылығы, топты біріктіру, студенттердің терең білімін қалыптастыру, ұжымда жұмыс істей білу, тапсырылған іс үшін жауапкершілік, өз күшіне деген сенімділік күтіледі.
Мамандық апталығын өткізу бойынша жұмыс ЦӘК отырысында бекітілген алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жұмыс жоспарында өткізу күні, орны және өндірістік оқыту шеберлері: Кокаева С. О., Умарова А. М., Копежанова Ж. Ф., Зейнулина С. М., Генш Е. Д., Исина А. Ж., Балуанова И. К., Қасымов Е.Т келісілді. Апта күні келесі іс-шаралар өткізілді: “XXI ғасыр колледжі – тәжірибе, құзыреттер, жобалар” атты ғылыми-практикалық конференцияларда жүлдегерлер анықталды: I орын Катков Павел, II орын Мадинетов Рахат, III орын Спиров Зуфар, сондай-ақ жоғарыда аталған мамандықтар студенттері арасындағы кәсіби шеберлік конкурсында I, II кезеңнен тұратын жеңімпаздар да болды: I орын Омаров Алим, II орын Кочергин Иван, III орын Толеуов Талғат. Нәтижесінде аптаны балаларды грамоталармен және сыйлықтармен марапаттаумен аяқтадық.