Өткізілген орны: Колледж кітапханасы

Қатысушылар:38, 45 топ студенттері

ө/о шебері Жетбесбаева А.А.

өткізілген мерзімі: 2022 жылы  25 ақпан

 

Мақсаты: Отансүйгіштікке және  өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кітапханада «Киіктің үйірілген лағындай» қанатты сөзімен, «Қазақтың күміс көмей әншісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Ойнақшып тәтті әндерге басуын-ай!

Таулардан, өзендерден, мұхиттардан

Үнінің кідірместен асуын-ай!…     жазушы Сәбит Мұқанов».

Аталған іс-шараға № 38, №45 топ студенттері қатысты.

Музыкалық сағат Роза Бағланованың орындауындағы «На солнечной поляночке» әнімен әскери хроника кадрларын көруден басталды. Кітапханашы О.В. Кожемяк «Роза Бағлановаға–100 жыл» презентациясын ұсынды, онда әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Презентация көрсетілімінде Роза Бағланова «Ақтамақ» әнін, «Роза Бағланованың «Ах, Самара-городок» бағдарламасында берген сұхбатында, Роза Бағланова Б.Исаковскийдің «Катюша» әнін орындады.

Содан соң кітапханашы көрмедегі кітаптар туралы таныстырды. Бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің «Сквозь пламя войны. – Алматы: Жибек жолы, 2005». Олардың арасында Роза Бағланова: «Бұл бұрын-соңды болмаған патриотизм кезеңі еді, мен бүгінгі жастардың өз әкелерінің ерліктерін мәңгі есте сақтауын қалаймын”-деген. «Самые светлые ночи.- Алматы: Жибек жолы, 2003» авторы Олег Мацкевич концерттерде және президенттер  алдында зор ықыласпен өнер көрсеткен Роза Бағланова туралы жан тебірентер жылы сөздермен әңгімелейді. Студенттер 1921 жылы «Халық перзенті» сериясындағы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Роза Бағланова: кітап-альбом» атты түрлі-түсті фотосуреттермен безендірілген кітапты қуана қарады. Іс-шара соңында  қатысушылар   естелікке  суретке түсті.