2022 жылы 3 қазанда колледж кітапханасында «Токарлық іс» мамандығы №50 тобының студенттерімен және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жумабекова Рысты Айтмаганбетовнамен «Ақпараттық әлемдегі кітаптың рөлі» атты пікір-талас сабағы өткізілді. Кітапханашы О. В. Кожемяк кітапхана қорының құрылымы, ақпараттық ағымдағы кітаптың орны және жастардың интеллектін, сөйлеуін, сауаттылығы мен мәдениетін дамыту үшін оқудың маңыздылығы туралы айтып берді. Студенттер заманауи электронды құралдарды: қол жетімділікті, ойын-сауықты, ақпарат алу жылдамдығын қорғау үшін дәлелдер келтірді. Оқытушы Р.А.Жумабекова студенттердің әдеби байқауларға белсенді қатысу қажеттілігін айтты, өйткені олар шығармашылықты, әртістікті, есте сақтауды дамытады және ой-өрісін кеңейтеді. Пікірталас нәтижесінде қазіргі өмірде білікті маман болу және хабардар болу үшін кітап пен электронды оқыту құралдарын пайдалану керек деген қорытындыға келді.