Мақсаты: Отансүйгіштікке және өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
21 қазан 2022 ж кітапханада «Қазақтың күміс көмей әншісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға № 59 топ студенттері қатысты.
Кітапханашы О.В. Кожемяк «Роза Бағлановаға және қазақ ән өнері» презентациясын ұсынды, онда әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Презентация көрсетілімінде Роза Бағланова «Ақтамақ» әнін, «Роза Бағланованың «Ах, Самара-городок» бағдарламасында берген сұхбатында, Роза Бағланова Б.Исаковскийдің «Катюша» әнін орындады.
Содан соң кітапханашы көрмедегі кітаптар туралы таныстырды. Көрмеде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің «Соғыс жалыны арқылы – Алматы: Жібек жолы, 2005». Олардың арасында Роза Бағланова: «Бұл бұрын-соңды болмаған патриотизм кезеңі еді, мен бүгінгі жастардың өз әкелерінің ерліктерін мәңгі есте сақтауын қалаймын”-деген. «Ең жарқын түндер.- Алматы: Жібек жолы, 2003» авторы Олег Мацкевич концерттерде және президенттер алдында зор ықыласпен өнер көрсеткен Роза Бағланова туралы жан тебірентер жылы сөздермен әңгімелейді. Студенттер 1921 жылы «Халық перзенті» сериясындағы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Роза Бағланова: кітап-альбом» атты түрлі-түсті фотосуреттермен безендірілген кітапты қуана қарады. Іс-шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.