2022жылы 18 қазан күні Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Республика күніне арналған салтанатты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты:
– Студенттерді өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
– Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Салтанатты кештің қонағы ретінде қаламызға әйгілі,жас талапкер ақын,блогер Асхат Амангелді шақырылды. Асхат Амангелді біздің колледждің түлегі. 1-2 курс студенттері Отан туралы өлеңдерді үш тілде жатқа оқып, көрермендерді риза қылды. Асхат Амангелді өз туындысын оқып, жас жеткіншектерге туған жердің,елдің қайда жүрсең де қымбат екені жайлы сыр шертіп,өз шығармашылығымен таныстырды.
Кештің соңында қатысушылар «Мен қазақпын» әнін хормен айтып, көрермендермен қоштасты.