Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2024ж. 25 сәуір күні 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінің қарсаңында «Достық шаңырағы астында – Қазақстан халықтары тату тұрады» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Бұл мереке Қазақстан халқының достығы мен ынтымақтастығының символына айналды. Байқауға 1 курстың 20 студенті қатысты. Олар қазақстан ақындарының Отан, Қазақстан халқының достығы, бейбітшілік пен келісім туралы өлеңдерін оқыды. Әділ қазылар алқасының құрамында келесі оқытушылар Мұхамеджанова Т.М., Махметова С.Т., Нұрғалиева Н.Н. болды.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, грамоталар табыстап, баршаға амандық, бақыт, Қазақстан халқына бейбітшілік пен береке тілеп, құттықтады.